Маңғыстауда 13 жастағы қызды зорлап кеткен
Мұнайлы ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған қызының зорланғаны туралы полцияға арыз түсірді.
16:27 29.01.2019
Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел адам 27 қаңтарда құқық қорғау органдарына жүгініп, 2005 жылы туған қызын зорлап кеткенін айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бап, 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.
«Тергеу ісі басқармадағы ең тәжірибелі маманға жүктелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Бұл оқиға облыс прокуроры мен ПД басшысының жеке қадағалауына алынған» делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!