{metadescription}

ШҚО-да 15 ресейлік спортшы отырған автобус жолда қалып қойды

Шығыс Қазақстанда балаларды Кемерова облысының Прокопьевск қаласына алып бара жатқан автобус сынды. 

Ресей Федерациясының он бес спортшы оқушысы жарыстан қайтып келе жатқан болатын. Олар отырған автобус Шығыс Қазақстан облысында сынды. Қазақстандық құтқарушылар автобуста отырған оқушыларды қауіпсіз жерге апарды. Жасөспірімдерді тасымалдаған автобус Шығыс Қазақстан облысының Шемонаих ауданы мен Ресей Федерациясы шекарасы арасындағы тасжолдың 121-ші километрінде бұзылған.

Болған жағдай туралы хабар облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне 29 қаңтар түні келіп түсті. Жас спортшылар Қазақстанда өткен жарыстан кейін Өскемен қаласынан Кемерова облысының Прокопьевск қаласына бағыт алған болатын. Құтқарушылар уақытынде келмегенде оқушылар үсіп қалушы еді. Себебі жүргізушілер автобусты көпке дейін жөндей алмаған. Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті 15 жасөспірім, екі жаттықтырушы және көлік құралының жүргізушілерін Шемонаих қаласының станциясына жеткізді.

"Кейін олар Ресейге бара жатқан басқа автобусқа отырып кетті", — деді Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Құтқарушылар мәліметі бойынша, автобус жолаушысының ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбеген.

Дереккөз: Sputnik
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде