ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды
Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды.
08:11 30.01.2019
Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. Өскемен қаласы мен Аягөз ауданында бірінші ауысымдағы 1-4-інші сыныптарда сабақ болмайды. Шемонайха, Алтай аудандарында 1-2 ауысымдағы 1-11-інші сынып, Тарбағатай ауданында (-31) бірінші ауысымдағы 1-9-ыншы сынып, Көкпекті ауданында (-35) бірінші ауысымдағы 1-11-інші сынып оқушылары, колледждердегі 1-2 курс студенттері үшін сабақтар тоқтатылды.
Бесқарағай ауданында бірінші ауысымдағы 1-4-інші сынып, Қатонқарағай ауданында (-38) 1-2-інші ауысымдағы 1-11-інші сынып оқушылары, 1-2 курс колледж студенттері оқымайды. Сондай-ақ Үржар ауданында 1-4-інші сынып оқушылары мектепке бармайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!