Келіншек қыздардың фотосына лайк басқан сүйіктісін пышақтап тастады
Украинада 31 жастағы келіншек бірге тұратын жігітін қызғаныштан пышақтап тастады.
10:27 30.01.2019
Жанжалға ер адамның әлеуметтік желілерде өзге қыздардың фотосына "лайк" басуы себеп болған. Бұл туралы Одесса облысындағы Ұлттық полиция бас басқармасының сайтында хабарланды.
Зардап шеккен 33 жастағы ер адам Таяу Шығыстан келген шетелдік болып шықты. Күдікті жауап алу барысында алдымен екеуіне белгісіз біреулер шабуылдағанын мәлімдеді. Дегенмен ол кейінірек жігітін қызғанып, оған дене жарақатын салғанын мойындады. Оған қоса айғақ заттар – қан жұққан пижамалар мен асхана пышағы дәлел ретінде алынды.
"Әйел әлеуметтік желілердің бірінде қыздардың фотосына "лайк" басқан сүйіктісін қызғанып, оны пышақтап тастағанын мойындауға мәжбүр болды",- деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары қызға бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін шешіп жатыр. Ол қасақана ауыр дене жарақатын салды айыпталуда. Еске салайық, осыған дейін Теміртауда әйел қызғаншақ сүйіктісіне пышақ сұғып алған.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!