Қостанайда жоғалып кеткен бойжеткен табылды
1 апта бұрын жоғалып кеткен Салтанат Кукенова аман-есен табылды.
10:55 30.01.2019
Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Полициядан мәлім еткендей, Салтанат Кукенова осы уақытқа дейін таныстарында болған. Қазір оның жағдайы жақсы. Бұған дейін 20 қаңтар күні үйінен шығып, қайта оралмаған қызды полицейлер іздеп жатқанын хабарлаған еді.
Дәл осы күні жоғалып кеткен тағы бір Қостанай тұрғыны Елдос Дүйсенов әлі табылмады. Қостанай қалалық ІІБ «Оңтүстік» бөлімінің полицейлері жас жігітке қатысты қандай да ақпараттарды білетіндерге 8702-492-99-92, 8 747-655-21-63, 52-68-61 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!