{metadescription}

Серік Сәпиев депутаттықтан кетті

Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев өкілеттігін мерзімінен бұрын босатты.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының xатшысы Бақыт Мелдешевтің айтуынша, С.Сәпиев депутаттықтан кету туралы өтінішті өзі берді. Соның негізінде оның өкілеттелігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным әзірленді. Мәжіліс депутаттары қарсылық білдірген жоқ, арнайы қаулыға бірауыздан дауыс берді. Серік Сәпиев әріптестеріне алғысын айтты. 

 «Берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлына маған артқан сенімі үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді. Спорт алаңында да, қазір де Елбасының қолдауын әрдайым сезініп жүреміз. Сондай-ақ, құрметті әріптестер, әрбіреуіңізге ақыл-кеңестеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рақмет айтамын. Бұл жерде мен біраз тәжірибе жинадым. Еліміздің өркендеуі жолында сіздермен тығыз жұмыс жасауды жалғастыра береміз деп сенемін», - деді С.Сәпиев.

Еске салайық, Серік Сәпиев Мәжіліс депутаты қызметіне 2017 жылдың ақпанында келген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде