{metadescription}

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады.

Минскте өткен бокс кешінде 30 жастағы қазақстандық аса ауыр салмақтағы босшы Босния және Герцеговинадан келген Срджан Говедарицамен (6-6, 5 КО) айқасты. Жекпе-жек алты раундқа есептелгенімен, Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатты. 29 жастағы Говедариц карьерасында төртінші рет жекпе-жек уақытынан бұрын жеңіліп тұр.

Ал қазақстандық боксшы тоғыз жекпе-жегінің сегізін нокаутпен жеңген. Кособуцкий мұның алдындағы айқасын да 29 қарашада Минскіде өткізген еді. Мұның алдында Ұлыбританияда жұдырықтасу мүмкіндігі жайлы айтылған. 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.