БҚО-да 7 жүк көлігі соқтығысты
Қазақстанның батысында Самара - Шымкент автожолында бірден жеті жүк көлігі соқтығысты.
12:25 30.01.2019
Жол-көлік оқиғасы 29 қаңтарда сағат 11.40-та автожолдың 344-шақырымында болған. Апат салдарынан жеті жүк көлігі зардап шекті. Кей деректерге сүйенсек, алда келе жатқан жүк көлігі кенеттен күрт тоқтап, салдарынан алып көліктер бір-біріне соғылған.
Көп ұзамай қозғалыс қалпына келтірілді. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен "Қазавтожол" ЖШС өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!