Хабиб Нурмагомедов спорттан 9 айға шеттетілді
Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке және ирландық UFC шебері Конор Макгрегорге жекпе-жектен кейін жаппай төбелеске қатысқандары үшін жазалау шаралары енгізілді.
13:56 30.01.2019
Бұл шешімді Невада штатының Атлетикалық комиссиясы қабылдады. Шеттету мерзімі жекпе-жек уақытынан, яғни 6 қазаннан басталған. Нурмагомедовты тоғыз айға спорттан шеттетті. Сондай-ақ ол 500 мың доллар көлемінде айыппұл төлейтін болды. Хабиб буллингке қарсы (оқу орындарындағы жәбірлеу, қудалау) әлеуметтік іс-шараларға қатысатын болса, оның шеттетілу мерзімі алты айға дейін қысқаруы мүмкін.
Ал Макгрегор алты ай жекпе-жектерге қатыса алмайды. Сондай-ақ, Конорға 50 мың доллар көлемінде айыппұл салынды. Спорттан шеттетілу мерзімі айқас өткен күннен - 6 қазаннан бастап есептеледі.
Еске салайық, Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да Нурмагомедов төртінші раундта Макгрегорды жеңген еді. Кездесу аяқтала сала Нурмагомедов октагон қоршауынан секіріп өтіп, МакГрегордың спарринг-серіктесіне жұдырық ала жүгірген, мұның арты спортшылардың командаларының арасындағы жаппай төбелеске ұласқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!