{metadescription}

Қазақстан қауіпсіз елдер тізімінде 44-ші орында

Қазақстан өзге ТМД елдерінен озып кетті.

Рейтингте әскери қақтығыстардың болуы, елдің экономикалық даму және халықтың қауіпсіздік деңгейі, сондай-ақ, табиғи апаттардың болу мүмкіндігі ескерілген. Жарияланған тізімде 128 ел бар. Рейтингті Global Finance журналы құрастырып, жариялаған.

Рейтингтегі мәліметтерге сәйкес, ең қауіпсіз елдердің тізімінде Исландия (6.16), Швейцария (7.01) және Финляндия (7.04) көш бастады. 10 ең қауіпсіз елдердің тізіміне Португалия (7.07), Австрия (7.08), Норвегия (7.27), Катар (7.28), Сингапур (7.34), Дания (7.41) және Жаңа Зеландия (7.42) кірді. Қазақстан (9.50) бұл тізімде 44-орынға тұрақтады. Қырғызстан (11.43) - 89-орында, Ресей (12.94) -108-орында, Украина (13,91) - 116-орында. 

АҚШ 65-ші орынға табан тіреді, себебі бұл елде қылмыс деңгейі мен табиғи апаттар ықтималдығы жоғары. Ал ең қауіпті елдер — Гватемала, Йемен және Филиппин.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде