{metadescription}

Көлік алу үшін несие беретін «7-20-25» тәрізді бағдарлама дайындалады

Қазақстанда көлік алғысы келетіндерге арналған «7-20-25» тәрізді бағдарлама әзірленеді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы Ақышев халыққа несие беруді кеңейту бойынша жаңа бастама ұсынды.

«Өткен жылы «7-20-25» бағдарламасын іске қосқан едік. Ендігі кезекте, несие беру ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. 2019 жылы Ұлттық банк Қазақстан азаматтары отандық көлікті сатып ала алатындай жедел түрде бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын отыр. Бағдарлама нарықтың қағидаттарына сай түзіледі. Банктер арқылы «7-20-25» бағдарламасының үлгісіне сүйене отырып жұмыс жүргізу жоспарлануда», – дейді ол.

Данияр Ақышев автокөлік өндірісінің экономикаға мультипликативтік тиімділігі болған соң, осы сала таңдалып отырғанын атап өтті. 

«Қысқа мерзімде үкіметпен және банктермен бастаманы егжей-тегжей талқылауға әзірміз», – деді банк төрағасы. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банктің бұл ұсынысын қолдады. 

«Несиелеу үшін тұтынушыға да, өндірушіге де тиімді болатын салаларды таңдау керек», – деді Елбасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде