Алдағы күндері бірнеше облыста аяз 40-қа дейін жетеді
Синоптиктер еліміздің бірнеше облыстарында күшті жел мен қатты аяз болады деп ескертеді.
18:35 30.01.2019
Казгидромет мәліметінше, 31 қаңтар мен 2 ақпанда Өзбекстаннан келетін оңтүстік циклон алдағы күндері орталық өңірге ауысады.
1, 2 ақпанда Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35-40 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. 2 ақпанда Шығыс-Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде 37-42 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.
31 қаңтарда Ақмола облысынның кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан ескен желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Астана қаласында таңертең және күндіз 31 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!