Жамбыл облысында екі қария газдан уланып көз жұмды
Шу ауданында екі қарт адам газдан уланып қаза тапты.
21:06 30.01.2019
«29 қаңтар күні Шу ауданының Қонаев ауылындағы жеке үйлердің бірінде қатты отын жағатын пештегі ақау салдарынан екі азамат иіс газынан уланып, қаза тапты», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Марқұмдардың бірі 89-да, екіншісі 83 жаста болған, деп жазады inform.kz.
«Оқиға орнына ТЖД және кезекші жедел тергеу тобының қызметкерлері шұғыл жетті. Соңғы кездері жеке сектор үйлеріндегі пештерді, жылу қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан қайғылы жағдайлар жиі туындап жүр. Атап айтқанда 27 қаңтар күні облыс орталығындағы жеке үйлердің бірінде 37 жастағы азамат иіс газынан уланып, қаза тапқан болатын», - дейді департамент өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!