{metadescription}

Полиция Алматы тұрғынының ұрланған көлігін тез арада тауып берді

Алматыда полиция ұрланған көлікті иесіне қайтарып берді.

Татьяна Будаева Фейсбукте көлігінің жоғалып табылғаны туралы жазба қалдырған. Таңғы 9:30-да үйінен шыққан әйел көлігін қойған орнынан таппай қалған. 102 нөміріне хабарласқанда 10 минут ішінде полиция келген. Барлық қызмет өкілдері бейнекамера жазбаларын қарап, көршілерден сұрақ-жауап алып шықты. Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының арқасында көлік 10 минуттай қашықтықта тұрған жерінен табылды.

«Біздің бөлімшеге «Тойота Камри» көлігі ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Көлік иесінің түсініктемесі бойынша жедел тергеу тобы құрылды. Күдікті қылмыстың ізі суымай жатып, бір тәулік ішінде ұсталды. Көлікті Алматы облысының 32 жастағы тумасы айдап кеткен. Көлік иесіне келесі күні қайтарылды», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы Таңат Назанов.

Көлік иесі Татьяна Будаева полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті үшін алғыс білдірді.

«Автотұрақта көлігімнің орнын сипап қалғанда қатты қапаландым. Мен оны несиеге алғанмын. Соны әлі төлеп жатырмыз. Полицейлер шұғыл әрекет етіп, бір тәулік ішінде машинамды тауып берді. Мен осы полиция қызметкерлерін қылмыскерді ізін суытпай ұстағаны үшін марапаттауды ұсынамын», - деді Татьяна Будаева. 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде