{metadescription}

Нөсер салдарынан 12 адам қаза тапты

Сауд Арабиясының солтүстігі мен батысында нөсер салдарынан қаза тапқандардың саны 12 адамға жетті.

«Нөсер салдарынан Медине қаласында жеті адам қаза тапты, соның бірі корольдікте тұрақты тұратын шетелдік. Ал Джиддада үш адам, Хаиль ауданында екі адам мерт болды», - делінген хабарламада.

Сауд Арабиясының солтүстігі мен батысында жексенбіде басталған нөсер толастар емес. Жауын-шашын ақырындап ел астанасына жылжып келеді. Соңғы үш күнде аталған аудандардағы білім мекемелерінде сабақ болған жоқ. Жолдарда жаңбыр суы ағып кететін арықтар, қажетті инфрақұрылым болмағандықтан, су басқан жолдар кішігірім өзенге айналып жатыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде