Шымкентте екі мас адамның төбелесі өліммен аяқталды
Шымкент қаласы Жаңаталап шағынауданында 2 мас ер адам төбелесіп, бірі көз жұмды.
Фото: otyrar.kz
10:37 31.01.2019
Оқиға 27-інен 28 қаңтарға қараған түні болған. Ішімдік ішкен екі дос арасында жанжал шығып, бірі екіншісіне пышақ тығып өлтірген. Марқұм сол жерде көз жұмған.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктіні сол жерде тұтқындады. «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, бұған дейін Жаңақала ауданында 30 жасар тұрғын пышақ жарақатынан мерт болды.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!