{metadescription}

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы таланттар шоуына қатысады

Димаш Құдайберген 3 ақпан күні америкалық The World's Best таланттар шоуында өнер көрсетеді.

«Бәрін басынан бастау керек пе? Тәуекелге бел бумасаң жеңіске жете алмайсың. Уақыт келген сияқты. 3 ақпан. Америка. «CBS» арнасында жаңа шоу. Бұл менің соңғы конкурсым», - деп жазады Димаш өзінің Инстаграмдағы парақшасында.  

Танымал америкалық The World's Best шоуына тағы бір қазақстандық Данэлия Төлешова қатысуда. Аталған әлемдік таланттар байқауының әділ қазылар құрамында қазақстандық продюсер Гауһар Нұртас бар. Ол Димаш пен Данэлия америкалықтарды қайран қалдырды деп пікір білдірген болатын.

Айта кетейік, Димаш 2017 жылы Қытайда "I am a singer" телевизиялық жобасына қатысып, екінші орын алды. Осыдан кейін Димаштың танымалдығы күрт артты. Бүгінде әншінің әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған жанкүйері бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде