{metadescription}

Дәрігердің жазуын түсінбеген ШҚО тұрғыны елден көмек сұрады

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны дәрігердің жазуын түсінбей, әлеуметтік желі қолданушыларынан көмек сұрады.

Өскемендегі жергілікті интернет-пабликтерде әйел адам өз баласының медициналық картасындағы дәрігердің жазуын түсіндіріп беруін сұраған.

«Бүгін баламмен емханаға бардым. Тамағы ауырып, дене қызуы көтерілді. Міне, мына дәптерде дәрігердің жазып бергені, онда не жазғанын түсіне алмадым. Дәрігерден түсінікті етіп жазуын сұрадым. Кейін ол дәл сондай жазумен маған қажетті дәрілердің тізімін берді. Дәріханаға барсам, фармацевт қағазда не жазылғанын оқи алмай, өзімнен сұрайды. Бәлкім біреуің не жазғанын түсінетін шығарсыңдар?», - деп жазған ШҚО тұрғыны.

Желі қолданушылардың бірі диагноздың латын әліпбиінде жазылғанын айтса, кейбіреулер «асқынған гайморит» деп жазылғанын болжап айтты. Осыған байланысты ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының тұрғындары дәрігерлерден кеңестер мен науқасқа қатысты диагнозды компьютерде теріп беруді сұрайды.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.