{metadescription}
Қостанайда оқушының әкесі мұғалімнің жағын сындырды

Қостанайда оқушының әкесі мұғалімнің жағын сындырды

Қостанайда А.М.Горький атындағы гимназияда дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі соққыға жығылды.

Оған жұдырық сілтеген оқушының әкесі болып шықты. Белгілі болғандай, оқиға 22 қаңтарда мектепте орын алған. Гимназия директоры Ирина Шушпанованың сөзінше, сол күні оқушы қыздардың бірінің әкесі мектепке келіп, сынып жетекшімен қызының үлгерімі туралы сөйлескен. Аталған мектептің директоры Ирина Шушпанова айтқандай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыға бірнеше мәрте ескерту жасаған.

«Мұғалім қыз балаға әдепсіз сөйлеп қойған. Дегенмен оның бұл сөздері әлдебіреуді қорлайтындай айтылған жоқ. Мұнан соң қыздың әкесі мектепке келіп, оқу орнының дәлізінде мұғалімді ұрып-соққан. Қазір оның жағы сынып, ауруханада жатыр. Осы факт бойынша полицияға арыз жазды», - дейді мектеп директоры.

Ирина Шушпанованың пікірінше, мұғалім оқушыға қатысты артық кеткен, алайда, сол үшін әкесінің қол жұмсауы ретсіз. Керісінше, алдымен мектеп әкімшілігіне хабар беруі тиіс еді.  Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады және оқиға бойынша тергеу жүргізілуде екендігін хабарлады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде