Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атауын өзгертуге қарсы шықты
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атын өзгерту мәселесіне қатысты пікір білдірді.
14:40 31.01.2019
«Бізде Қазақстан деген сөз бар. Соның өзі жетеді. Солай қала беруі керек. Қазақстан Республикасы президентінің атынан өте көп халықаралық келісімге қол қойылды, мемлекеттің атын өзгертудің еш мәні жоқ. Біздің басқа мәселелеріміз жеткілікті», – деді палата спикері журналистер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салайық, таяуда Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынған болатын. Депутаттық сауалды ол премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!