{metadescription}

Ақмолада ер адамды пойыз қағып кеткен

Ақмола облысының Ерейментау ауданы аумағында жүк пойызының астына түскен ер адам көз жұмды.

ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға 30 қаңтарда сағат 21:32 шамасында Павлодар жол бөлімшесінің Ерейментау стансасында орын алған.

«Теміржолдың үстінде бөгде адамның жүргенін байқаған жүк пойызының машинисі дабыл қағып ескерткен және шүғыл тежегішті басқан. Алайда ауыр көлік тоқтап үлгермей ер адамды пойыз астында қалған. Ер адам түрлі дәрежедегі дене жарақатымен аурханаға жатқызылды. Бастапқы мәлімет бойынша зардап шегуші мас күйде болған. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, оқиға бойынша Ерейментау стансасының Ішкі істер желілік бөлімі тергеуді бастады», - деп түсіндірді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Ал Ерейментау аудандық орталық аурханасының дәрігерлері берген мәліметке қарағанда ер адамның жасы 50-лер шамасында. Аты-жөні белгісіз. Дәрігерлер жедел қызмет көрсеткенімен өміріне араша түсе алмады. Ер адам араға бірнеше сағат салып жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде