Шымкенттік жігіт тікелей эфирде өзіне қол жұмсады
Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны Ирфан Ахмеджанов Ресейде өзіне қол салып қайтыс болды.
Фото: elitar.kz
10:30 01.02.2019
Бірнеше күн бұрын Ресейге жұмыс істеуге барған 18 жастағы Шымкент тұрғыны Ирфан Ахмеджанов әлеуметтік желілердегі тікелей эфир кезінде өзіне қол салды. Қайғылы оқиға 30 қаңтар күні Новый Уренгой қаласында болды.
Отбасының танысы Светлана Саенконың айтуынша, осыдан үш күн бұрын ғана Ирфан ақша табу үшін Ресейге жұмыс істеуге кеткен екен. Оның өздігімен суицидке баруы мүмкін емес, алдына қойған жоспарлары көп еді дейді ол. Тіпті жақында отбасын құруға дайындалғанын айтты.
Оның айтуынша, марқұмның әкесі мен үш әпкесі бар, таяуда әжесі дүниеден озған. Сондықтан Ирфанды елге жеткізіп, жер қойнына тапсыруға отбасының шамасы келмей отыр. Сондықтан, әлеуметтік желілер арқылы жомарт жандардан көмек сұрайды. Оның не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз. Қазір оқыс оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!