Емханаға кеткен Қарағанды тұрғыны ұшты-күйлі жоғалып кетті
62 жастағы Кенжебай Әбдиев 1 ақпан күні емханаға кеткеннен үйіне оралмаған.
17:35 02.02.2019
Емханаға кеткен Қарағанды тұрғыны ұшты-күйлі жоғалып кетті. Ақсақалдың немересі бұндай жағдайдың бірінші рет боп отырған айтады.
«Күндіз сағат 3 шамасында шығып кеткен. Емханаға 7 маршрутпен бару керек болған», - дейді немересі Армангүл.
Кенжебай ақсақал дәрігерлердің қабылдауына кірмеген. Демек емханаға келмеген. Жергілікті полицейлер іздеу шараларын бастап кетті. Суреттен ақсақалды танығандар болса мына байланыс телефондарына хабарласуға болады: 8 701 656 50 69.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!