«Балам қатты тоңып, жылаған»: тұрғын автобустардың аялдамаға тоқтамай кетіп қалатынын айтты
Заречный ауылы Солтүстік шағынауданының тұрғыны Елена Шмид 3-сыныпта оқитын баласына автобустардың жиі тоқтамай кететінін айтып шағымданған.
08:16 03.02.2019
Елена Шмидтің айтуынша, бір жылдан бері кейбір автобустар аялдамаға тоқтамайды. Соның салдарынан балалар мен ересектер суықта сағаттап маршрут күтуге мәжбүр.
«Балам Заречныйдағы мектеп-лицейінде 3-сынып оқиды. Сабағы сағат 18:30-да аяқталады. Автобустар біздің үй жақтағы аялдамаға келуді де доғарды. Өткенде баламды «Кирпичный» аялдамасынан тастап кетіпті. 2 шақырымдық жерді жаяу жүрген балам үйге жетем дегенше тоңып, жылап келді. ТТS команиясына хабарлассам, әкімдік жолды тазаламай отыр дейді. Сонда олардың келісімге келе алмағаны үшін біз неге жапа шегуіміз керек?», - дейді оқушының анасы.
Әбден төзімі таусылған Елена ата-аналар атынан әкімдік пен прокуратураға арыз да жазғанын айтады.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!