Жәнібек Әлімxанұлы америкалық «Хитмэнды» нокаутпен жеңді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жеңісіне қол жеткізді.
10:10 03.02.2019
Техас штатындағы Фриско қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз америкалық Стивен Мартинесті (18-4, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңді. 8 раундқа жоспарланған кездесуді Жәнібек төртінші раундта аяқтады. 28 жастағы америкалық боксшы Стивен Мартинес ауыр соққылар алғаннан кейін оның бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан.
Бірінші раундтан бастап-ақ Әлімханұлы өзінің басымдығын байқатты. Қарсыласын сәт сайын қыспаққа алып, соққытатын үдете түсті. Үшінші раундта Жәнібектің бауырдан ұрған соққысы жойқын болып, Стивен Мартинес нокдаун алды. Төреші есеп ашып, 10 секунд ішінде есін жинауын күтті.
Ал бесінші раундта «Хитмэн» қазақ боксшысының сериялы соққыларынан қатты есеңгіреп қалды. Төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, Жәнібек Әлімxанұлы кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Негізі жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын. Отандасымыз өзі үнемі айтып жүретіндей америкалықтарға Қазақтың бокс стилін көрсетті. Осы жолы ол «Хитмэн» лақап атымен танымал америкалық Стивен Мартинеспен (18-4, 13 КО) жұдырықтасты, Әлімханұлы АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!