Шала туған: Шымкентте үшемдер дүниеге келді
Сәбилердің үшеуі де ұл бала. Нәрестелер 1500 және 1600 грамм салмақпен дүниеге келген.
15:14 03.02.2019
Шақалақтар мерзімінен бұрын алты айлық боп туған. Алғашқыда жағдайлары ауыр болғандықтан олар жансақтау бөліміне жатқызылыпты, деп жазады sn.kz.
«Шалабайлардың өмірін аман алып қалу үшін қалалық перинаталды орталықтың медицина мамандары барын салып, аман алып қалды. Анасы мен сәбилері қазір өздерін жақсы сезінеді. Бір ай ішінде үшемдердің салмағы 2500 грамға жеткен», — деді қалалық перинаталдық орталықтың неонатолог дәрігері Мақсат Акпар.
38 жастағы ана Фазила Досметова үшемді дүниеге әкеліп, көп балалы ана атанды. Азаматшаның енді алты бірдей перзенті бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!