{metadescription}
Қазақстандық теннисші Аустралия турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Аустралия турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лонсестонда (Аустралия) өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Дүниежүзілік рейтингте 169-орында тұрған Е.Рыбакина финалда әлемнің 131-ракеткасы, ресейлік Ирина Хромачевамен күш сынасты. Бірінші партияда қазақстандық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте ресейлік теннисші кездесуді жалғастырудан бас тартты. Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды.

Осылайша, Е.Рыбакина жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың жеңімпазы атанды. Ол турнир барысында әуелі аустралиялық Нэйкта Бэйнс, осы жарыстың 1-ракеткасы, рейтингте 105-сатыдағы германиялық Лаура Зигемунд, Тайвань елінің өкілі Чжан Кайчжэнь және жартылай финалда бельгиялық Марина Заневскаяны тізе бүктірді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.