Балалар мінген автобус аударылып, 7 адам ажал құшты
Ресейдің Калуга қаласында автобус аударылды.
10:48 04.02.2019
Жол-көлік апаты Калуга облысы Бабынинск ауданының Извеково елдімекеніне жақын жердегі өңірлік маңызы бар трассада (37-інші шақырым) болды. Смоленсктен Калугаға бет алған көлік бір бүйіріне аударылған. Апат салдарынан жеті адам қаза болды, олардың төртеуі - балалар.
Бұдан бөлек 31 адам зардап шекті. РФ Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланғандай, балаларды тасымалдап бара жатқан автобуста 48 адам болған, олардың 33-і - балалар. Калуга облысының губернаторы зардап шеккендерге көмек көрсету және істің мән-жайын анықтау бойынша құрылған жедел штабты басқаруда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!