Ер адам пуманы жалаң қолмен тұншықтырып өлтірді
Ол пуманың шабуылынан қорғана білді және жергілікті ауруханаға өзі жеткен.
11:03 06.02.2019
Американың Колорадо штатында пума жаяу жүгірумен айналысатын адамға шабуылдаған. «Colorado Parks and Wildlife» өкілі әрі куәгер Ребекка Феррелл, ер адамның артынан пуманың жүргенін, кейін оған шабуылдап, білегіне жармасқанын айтты. Ол бос қолымен жерден тас алып жануарды ұрған. Мойнынан ұстап алып, құлатқан. Білегін босатқан соң, жануарды өзінің қол-аяғымен буындырып өлтірген.
Содан соң жәбірленуші көлікке отырып, жарақаттарымен ауруханаға жеткен. Мәліметтер бойынша, кейін жануарларды қорғау өкілдері ер адам айтқан орынға барып пуманы өлі күйінде тапқан.
Жалпы, саябақ өкілі атап өткендей, штатта пуманың шабуылы өте сирек орын алады. Бұл жағдайда ер адамның жүгіріп бара жатқаны пуманы осындай әрекетке итермелесе керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!