Семейде мектеп оқушысы кәсіпкер атанды
Семейде мектеп оқушысы жиһаз жасайтын кәсіпорын ашты.
11:37 06.02.2019
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Семей қаласының оқушылары арасында кәсіпкерлікті насихаттау үшін жыл сайын «Startup Battle» атты конкурс өткізеді. №30 жалпы білім беретін орта мектептің 11-сынып оқушысы Надир Сабитов байқау грантын жеңіп алып, қаңқасыз жиһаз жасаудан өз кәсібін ашып алды.
«Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бизнес-инкубаторына қарасты «Fox» орталығының тренингтеріне қатысу кезінде маркетинг, сату және дизайн туралы алған білім маған Семей нарығына кіруге көмектесті. Қазіргі таңда біз ресурстарды өзімізге тартып, кәсіпорынды дамыту үшін инвестициялық модель жасау үстіндеміз», - деді Н. Сабитов.
Оның цехында шығарылатын пуфа-қаптарға деген сұраныс жоғары. Қазір жас кәсіпкердің қарамағында үш адам бар: екі тігінші және ассистент. Надирдің айтуынша, көп ұзамай Өскемен мен Павлодар тұрғындары оның өнімдерін сатып ала алады. Содан кейін жас кәсіпкер Қазақстан нарығын бағындырып, ТМД елдеріне шығуды жоспарлап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!