{metadescription}
Метрода қуатты жарылыс болды

Метрода қуатты жарылыс болды

Вашингтондағы метрода, Росслин станциясында қуатты жарылыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс өте қуатты болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жақын маңдағы көшелерді жауып тастаған. Алдын-ала ақпарат бойынша, трансформатор жарылған. Алайда, бұл оқиға пойыздардың жүру кестесіне әсер етпеген.

«Автобус жүргізушісінің айтуынша, бұл трансформатор болуы керек», - дейді куәгерлердің бірі.

Вашингтон метрополитені қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, бұл оқиға жерасты көлігіне қатысты емес. Оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде