Астанада 2 жасар бала үсіп ауруханаға түсті
Баланың жағдайы орташа деңгейдегі дәрежеде бағаланып отыр.
13:09 06.02.2019
Астанада төмен температура салдарынан 6 ақпан күні медициналық көмекке жүгінгендер саны 14-ке жеткен. 12-сі жедел жәрдем шақыртқан, 2-еуі ауруханаға өздері барған. Олардың ішінде 10-ы ересек, 4-еуі кішкентай бала.
«№2 қалалық ауруханаға 2017 жылғы сәби жатқызылды. Баланың жағдайы орташа деңгейдегі үсік. Қалғандары үсік шалудың жеңіл деңгейімен тұрғылықты мекен жайы бойынша қаралатын емханаға жіберілді», -дейді басқарманың баспасөз қызметі.
Барлық медициналық көмекке жүгінгендерге көмек көрсетілген. Үсіктен қайтыс болғандар жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!