{metadescription}
Зімбір тамыры: пайдалы қасиеттері мен қарсы көрсеткіші

Зімбір тамыры: пайдалы қасиеттері мен қарсы көрсеткіші

Зімбір тамырында кальций, алюминий, хром, темір, магний, никотин қышқылы, фосфор, кремний, калий, С витамині бар.

Зімбір тамыры артық салмақтан арылуда белсенді қолданылады

Енді сізге ағзаңызға зиян келтіретін диеталарға отырудың қажеті жоқ. Мұнда зімбір тамыры пайдалы болмақ. Себебі, зімбір ағзаның зат алмасуын тездетеді, ал соның арқасында сіз ешқандай ауыртпалықсыз және диетасыз артық салмақтан арыла аласыз.

Зімбір тамыры сондай-ақ, жүктілік кезінде де пайдалы. Бұл өсімдік токсикоз, бас айналу, балаға зиян келтіретін химиялық заттар немесе биологиялық қоспаларсыз күш жоғалту секілді барлық жағымсыз симптомдарды төмендетуге қабілетті. Алайда бұл жағдайда мұқият болу керек. Өйткені, зімбір тамыры қарсы көрсеткіштерге ие. Сондықтан, оны жүктіліктің соңғы айларында немесе баланы емізу кезінде пайдалануға болмайды.

Зімбірдің дәмі жағымды және оның құрамында зиянды қоспалар болмағандықтан, зімбір тамырымен емдеу тиімді ғана емес, сонымен қатар жағымды болады. Оны балға, лимон және қантқа қосып та тұтынуға болады, қажет болса одан тәттілер, тосап немесе кәмпит дайындасаңыз болады.

Зімбір тамыры емдік құрал болғандықтан, оның құрамында әртүрлі витаминдер мен аминоқышқылдар бар. Бірақ, нақты бір ауруды емдеуде бұл өсімдікті пайдалану кезінде ескерілуі керек қарсы көрсеткіштері болады.

Зімбірді емдік мақсаттарда қолдану

Тамақ дайындау кезінде бағаланатын қасиеттерінен бөлек, зімбір басқа салаларда да бағалы. Зімбір тамырын қолдану өте маңызды, оны тіпті дәрігерлердің өзі әртүрлі ауруларды емдеуде ұсынады.

Зімбірдің ауырсынуды басатын, антибактериалды және емдік әсері бар екені белгілі. Бұл өсімдік иммундық жүйені керемет нығайтады және тітіркенуді басады. Оны тамаққа жүйелі түрде қолданған кезде, асқазан сөлін қалыптастыра және асқорытуды ынталандыра отырып, ас қорыту жүйесіндегі қиындықтардан арыла аласыз.

Бұл өсімдік тамыры суық тию немесе тұмау кезінде өте тиімді көмектеседі. Онымен тамақ ауыруын, жөтелді емдеп, дене қызуын түсіруге болады. Ол денені іштей жылытып, ағзаға бойын билеген инфекцияға қарсы күресуге көмектеседі.

Зімбір әйелдерге, әсіресе, зат алмасуды жақсарту арқылы салмақ тастағысы келетіндерге өте пайдалы. Сонымен қатар, зімбір тағы бір керемет әсерге ие. Ол құсу, жүрек айнуы, бас айналу секілді жүктіліктің жағымсыз белгілерін жеңілдете алады.

Дегенмен, зімбір тамыры кез-келген емдік препарат секілді қолдану кезінде қарсы көрсеткіштерге ие болады.

Мәселен, бұл жүктіліктің соңғы айларында жүрген әйелдерге немесе бала емізетін аналарға қарсы көрсеткіш көрсетеді. Оны асқазан жарасы және гастрит секілді жіті асқазан ауруларына шалдыққан адамдарға қолдануға болмайды. Сондай-ақ, зімбірді жүрек ауруларынан зардап шегетіндерге де қолданудың қажеті жоқ. Оны әсіресе, шектелмеген мөлшерде қолданылу мүлдем кері әсерге әкелуі мүмкін.

Айта кету керек, кейбір адамдарда зімбірді шамадан тыс қолданған кезде аллергиялық реакция, жүрек айнуы, құсу секілді жанама әсерлер болған. Егер, сізде де осындай жағымсыз әсерлер болса, зімбірмен емделуді біраз уақытқа тоқтатып, маманмен кеңесіңіз.

Зімбірді медицинада қолдану

Зімбір ерекше қасиеттерінің арқасында ұзақ уақыт бойы медициналық мақсаттарда қолданылып келеді. Оның көмегімен буын мен бұлшықет ауруларын емдеп, тіпті онкологиялық аурулардың да алдын-алуға болады. Дегенмен, зімбір кейбір дәрілермен өзара әрекеттесіп, олардың тиімділігін арттыра алады, ал тағы басқаларымен біріккенде олардың әсерін тоқтатып тастауы мүмкін.

Сонымен, зімбір тамыры жүрек, диабетке қарсы препараттардың әсерін арттырады. Бүгінде зімбір тамырын кез-келген дүкен мен дәріханалардан сатып алуға болады. Бірақ, олар көбінесе құрғақ немесе ұнтақталған түрде сатылуы мүмкін, ал бұл оның әсерін айтарлықтай төмендетеді.

Сондықтан, зімбірді емдік мақсатта қолданғысы немесе тамақ дайындауда пайдаланғысы келетіндер, оны үй жағдайында өсіргені дұрыс болмақ.

Зімбір тамырын қолдану кезіндегі қарсы көрсеткіштер

Белгілі бір жағдайларда зімбір тамыры пайдалы ғана болмай, зиян келтіруі де мүмкін: Зімбір он екі елі ішекте жара болса, тағамды сыртқа шығарып, құсу болса, өтте тас түйіршігі жиналса, температура жоғарыласа, өткір асқазан жарасы болса және жас ана бала емізетін болса қарсы көрсеткіштер көрсетеді.

Балалар үшін

Егер балаларға зімбір тамырын бергіңіз келсе, онда ұнтақ түріндегісін емес, балғын зімбірді қолданғаныңыз дұрыс. Себебі, жас тамырды қолдану ұнтақ түріндегі зімбірге қарағанда 2-3 есе көп әсер береді. Бірақ, зімбір тамырын аллергиялық реакциялар қозған кезеңде сақтықпен қолдану қажет, өйткені кейбір жағдайларда зімбір аллергияны күшейтіп жібереді.

Сонымен қатар, зімбір тамырын бас терісінің ауруларын және қайызғақты емдеуде де қолдануға болады. Зімбір тамыры адамның бүкіл ағзасына қалай пайдалы болса, шашқа да солай пайдалы. Себебі, зімбір тамыры бүкіл ағзаның қан айналымына жақсы әсер етеді.

Зімбір тамырының қолданылуы

Бастапқыда зімбір тамыры тек тағамдарға арналған дәмдеуіш ретінде пайдаланылған болатын. Кейінірек, уақыт өте келе, адамдар зімбір тамырының пайдалы қасиеттері мен ағзаға оң әсерін біле бастады. Сондықтан зімбір тамырының аспаздықта кеңінен қолданылатынын айтпай өтуге болмайды. Ал сорпа, ботқа, жемістен жасалған тағамдар мен үй шұжықтары және ет, тауық етіне зығыр тамырын қосса тағам әлдеқайқа хош иісті және дәмді болады.

Сондай-ақ, зімбір тамырынан ыстық сусындар мен тәтті тағамдар, кәмпиттер, тоқаштар жасайды. Зімбір Еуропада және АҚШ елдерінде кеңінен қолданылады. Көпшілігі құрамына зімбір тамыры қосылған сыра, ликер сияқты алкоголь өнімдерін тұтынғанды жақсы көреді. Себебі, ол иммунитетті көтеріп, ағзаға сергектік сыйлайды.

Дереккөз: stan.kz

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.