{metadescription}
Қостанайда жеке үй өртеніп, әйел қаза тапты

Қостанайда жеке үй өртеніп, әйел қаза тапты

Қостанайда жеке тұрғын үйде болған өрт 1941 жылы туған әйелдің өмірін жалмады деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға Қостанай қаласында Хакімжанова көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. 

«30 шаршы метрлік ауқымда үйдің едені, қабырғасы, төбесі отқа оранған. Өртті сөндіру 19.50-де басталып, 22.04-те ауыздықталды. Оқиға орнынан 1941 жылғы әйелдің мүрдесі табылды», - делінген хабарламада.

Өрттің нақты себептері анықталу үстінде. Бұған дейін облыстық ТЖД баспасөз қызметі Сарыкөл ауданында екі балықшының адасып кеткенін хабарлаған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде