Әбілқасымова халықтың сынына жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Астанадағы қайғылы жағдайдан кейінгі сынның себебін айтты.
14:41 12.02.2019
«Біздің министрлік сынға ұшырады, себебі біз көптеген қиын мәселемен айналысамыз. Осы сынның барлығын ескере отырып, біз қажетті шараларды қабылдауға тырысамыз. Алдағы уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін тиісті шаралар қолданылатын болады», - деді Мадина Әбілқасымова үкімет отырысынан кейін.
Оның айтуынша, министрлікке көпбалалы аналар өтініштер мен ұсыныстарын айтып келіп жатыр. Әбілқасымова министрліктің алдында әрдайым қоғам үшін өзекті мәселелер тұратынын, сол себепті сын үнемі туындайтынын айтты.
Еңбек министрі алғашқы отырыста нақты тапсырмалар берілгенін және штабтар құрылғанын айтты. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта елдегі жаұялардың тұрмыс жағдайы тексеріліп, көпбалалы аналардың ұсыныстары қабылданып жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, 4-ақпанда Астанадағы Көктал тұрғын үй алабында шағын өртеніп, 5 бала көз жұмды. Кейін әлеуметтік желіде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың жұмысына қатысты сын айтылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!