Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы ҚР Ішкі істер министрі болып тағайындалды.
15:31 12.02.2019
Бұл қызметке ол Қалмұхамбет Қасымовтың орнына келіп отыр. Осыған дейін, Тұрғымбаев ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметінде болған. Бұған дейін қызмет еткен Қалмұханбет Қасымов министр лауазымынан босатылған. Ерлан Тұрғымбаев 2012 жылдан бері ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы Полиция генерал-майоры. 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын Қарағанды облысы Саран қаласындағы ішкі істер бөлімінің қылмыстық тергеу бөлімшесінде бастаған. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І дәрежелі «Қайсар» белгісімен, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, сондай-ақ ІІМ-нің және ІІД-нің құрмет грамоталарымен марапатталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!