{metadescription}
Ұйықтап жатқан полицейді ұрған командир қызметінен кетті

Ұйықтап жатқан полицейді ұрған командир қызметінен кетті

Астанада көлігінде ұйықтап қалған полицей оқиғасына қатысты қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің ұйықтап жатқаны туралы видео тараған болатын. Рота командирі көлік ішінде ұйықтап жатқан жол-патрульдік полицейді камераға түсіріп алды. Болжам бойынша, шені жоғары командир полицедің жанына келіп «Рота командирі тексеруге келді» деп үш рет қайталады.

Осы кезде ұйқысынан оянған полицейді ұра жөнелді. Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2017 жылы болған. Полиция қызметкерлерінің жарғыдан тыс қарым-қатынас фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілген.

«Жол-патруль полициясының рота командирі қызметінен босатылды. Жол-патруль полициясының полк полицейі қызмет барысында ұйықтағаны үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде