Қостанайда 24 жастағы жігіт жоғалып кетті
Қостанай облысында 1994 жылғы Никита Миляевқа іздеу жарияланды.
10:37 14.02.2019
Никита есімді жігіт 9 ақпанда белгісіз бағытта үйінен шыққаннан сол күйі қайтып оралмаған. Үстіне қанық көк түсті куртка, басына ақ-қара аралас бас киім киген.
Ерекше белгілері: мойнында 3-4 сантиметрлік тыртық бар. Ал сол қолында күйіктен қалған тыртық бар. Қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефон нөмірлеріне хабарласса болады: +77054514403, +77002837578,+77477637368 немесе 102. Айта кетейік, Астанада 10-сынып оқушысы жоғалып кеткен. 16 жастағы Болатты 8 ақпан күні сағат 20:00 шамасында «Еуразия» сауда орталығының маңындағы «Versus» компьютер клубынан көрген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!