Президент олимпиада чемпионымен күресіп, жарақат алып қалды
РФ президенті Владимир Путин Сочиде дзюдошылармен жаттығу жасады.
11:31 15.02.2019
Ресей президенті Владимир Путин Сочиде дзюдошылармен жаттығу жасап жүріп, саусағын жарақаттап алды. Оқиға Ресейдің мемлекеттік басшысы олимпиада чемпионы Беслан Мудрановпен күресіп жатқанда болған
Жарақатын пластырьмен таңып берген соң, президент жаттығуды жалғастырған. Кейін спортшылармен тілдесіп, суретке түсті. Ресей президенті Сириядағы ахуалды реттеу Астаналық процесінің кепіл елдері басшыларының арасындағы үш жақты кездесуден кейін "Юг" спорттық кешеніне барып жаттықан.
Естеріңізге сала кетсек, Сочиде осымен төртінші рет өтіп отырған Ресей, Түркия және Иран басшылары қатысқан саммитте Путин мәлімдегендей, Сириядағы ахуалды реттеуге болады, ол үшін бірауыздан әрекет етіп, мәмілеге келу қажет. Мемлекеттердің басшылары саммит аясында екі жақты кездесулер өткізді.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!