Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт табылды
Қостанай облысында үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт табылды.
15:30 15.02.2019
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін, 2019 жылғы 15 ақпанда жоғалып кеткен ер адам үйіне келді. Ол осы уақытқа дейін таныстарының үйінде болған», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.
Тәртіп сақшылары мен еріктілер Никита Миляевті бір апта бойы іздестірген. Айта кетейік, Никита Миляев 9 ақпан күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!