{metadescription}
«Ең әдемі мұғалім» желі қолданушыларын өзіне ғашық етті

«Ең әдемі мұғалім» желі қолданушыларын өзіне ғашық етті

Тайваньдық «ең әдемі мұғалім» желі қолданушыларын өзіне ғашық етті.

Ол аз уақыттың ішінде танымалдыққа ие болды. 28 жастағы Чэн Цзя-вэнь Чжунли қаласындағы Технологиялар ғылымы институтында авторлық құқық бойынша сабақ берген. Студенттер жас ұстазды суретке түсіріп алып, желіде таратып жіберіпті.

Осылайша Чэн аз уақыта ішінде танымал боп шыға келді. Оның Instagram желісіндегі оқырмандарының саны бірер күн ішінде 95 мыңға жеткен. Желі қолданушылары қыздың сұлулығына тәнті болды. Олардың дені институтқа барып, білім алғысы келетінін айтып жатыр. Кейбірі мұндай сұлу ұстаздың шәкірттері сабақтан қалмайтын болар деп топшылады.

Алайда бар ойы сабақта болмайтын шығар, дейді пікір қалдырушылардың кебірі. Чэн мұғалімдік қызметінен бос уақытында күйсандықта және сыбызғыда ойнағанды жақсы көреді екен. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде