{metadescription}
Қостанайда соғыс ардагері кісі өлтіргені үшін сотталды

Қостанайда соғыс ардагері кісі өлтіргені үшін сотталды

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҰОС ардагері, 94 жастағы Иван Сурковқа үкім кесті.

Сот үкімі бойынша Иван Сурков 7 жылға бас бостаныдығынан айрылды. Ол мәжбүрлі түрде психиатрдан ем қабылдауы тиіс. Айыпталушы болса, сот шешімімен келіспейді.

Қанды оқиға 2018 жылы 21 тамызда болған. Иван Сурков 80 жастағы Николай Давыдовты гантельмен ұрып, пышақтаған. Зейнеткер қаза тапқан. Сотта ардагердің соғыс кезінде үш мәрте зақым алғаны айтылды. 2016 жылы оның үйіне қарақшылық шабуыл жасалған. Соттың айтуынша, осы жағдайлар зейнеткердің психикасына әсер еткен.

Сотта аталып өткендей, ардагер соғыс жылдары үш рет контузия алыпты. Ал 2016 жылы үйіне қарақшылық шабуыл жасалған. Осы жайттардың бәрі қарияның психикалық денсаулығына нұқсан келтірсе керек.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде