Ашуланған әйел ауылдағы үйінде өзімен бірге екі баласын өртеп жіберді
Бішкек қаласы маңындағы ауылдың тұрғыны мұндай қадамға отбасылық проблемалар салдарынан барған.
13:14 16.02.2019
Қырғызстанда әйел бензин сатып алып, балалары отырған үйге от қойып, өзі де өртеніп кетті. Олардың айтуынша, 12 ақпан күні Таш-Добо ауылындағы үйлердің бірінен өрт шыққан. Оқиға орнына келген жедел қызметкерлер екі бала мен олардың анасының мәйітін тауып алады.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел бензин сатып әкеліп, үйге төгіп, оны өртеген. Осы кезде ол үйде екі кішкентай баласымен бірге болғаны анықталды.
Кейбір деректерге сүйенсек, әйел мұндай қадамға отбасылық проблемалар салдарынан барған. Күштік құрылым қызметкерлерінің айтуынша, оның психологиясында ауытқу болған, сонымен бірге, ол саңырау ретінде тіркелген (кейінірек әйел мен оның күйеуі есту қабілеті бойынша мүгедектік алғаны белгілі болды – редация ескерт.).
Шу облысының ішкі істер бас басқармасы қоңырау сағат 16:15-те түскенін хабарлады. Жедел-тергеу тобы үш мәйіт тапқан. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!