{metadescription}
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам мерт болды

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам мерт болды

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза болып, тағы төртеуі зардап шекті.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Павлодар ауданына қарасты Набережное ауылының маңында болды.

«17 ақпан күні сағат 10.27 шамасында «Омбы - Майқапшағай» тасжолында, Набережное ауылының жанында жол апаты тіркелді. «Форд» және «Хонда» маркалы автокөліктер соқтығысқан. Салдарынан «Хондада» отырған екі адам көз жұмды», - деді департаменттен.

Қайтыс болған екі азамат Достық ауылының тұрғындары - 1975 және 19788 жылғы. Зардап шеккендер 58-63 жас аралығында, оның екеуі Ертіс ауылының тұрғындары, тағы екеуі павлодарлықтар. Олардың бас сұйек миы зақымдалған, миы шайқалған және политравма алған. Зардап шеккен төрт адамның жағдайын дәрігерлер орта деңгейдегі ауырлық деп бағалады.  Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде