ШҚО-да 60 көлік жолда қалды
Кеше Төтенше жағдай қызметі боранның салдарынан жолда қалған жолаушыларды эвакуациялады.
11:28 18.02.2019
Оқиға Үржар және Жарма аудандарының аумағындағы «Өскемен-Алматы», «Таскескен-Бақты» тас жолдарында болды, деп хабарлайды Алтайньюс. Алматы-Өскемен тас жолының 857 шақырымында Аршалы және Үшбиік ауылдарының арасын қар басып қалып, 20 жеңіл және 40 жүк автокөлігі жолды қалыпты. Онда шамамен 140 жолаушы болған.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған жолдардың кейбір учаскелері таңғы уақыттан бері жабық болатын. Адамдарға көмекті бірнеше сағат бойы күтуге тура келді. Жол қызметі жетіп, қар басқан бөлікті тазартып берді. Ал Үржар ауданындағы Шолпан ауылының маңында жолда қалғандар эвакуациядан бас тартып, жолдың қардан тазартылуын күтіп қалған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!