Астанада 13 жастағы бала жоғалып кетті
Астанада сенбі күні сырғанақ тебуге кетіп, үйіне қайтып оралмаған 13 жастағы Өмірхан Бақдәулет іздестіріліп жатыр.
14:22 18.02.2019
Баланың жақындары Бақдәулеттің Астана уақытымен шамамен сағат 17.30 кезінде Теміржол (40-шы станция) ауданындағы үйінен шыққандығын айтады. Жасөспірім қанық көк түсті сырт киім, сұр терісі бар қара бас киім, қара түсті етік пен сұр шалбар киген.
Өмірхан Бақдәулет 2006 жылы 9 қаңтарда туған, арықша келген, шашы қарақоңыр, қой көзді, бетінде көзге түсерлік меңдері және сол жақ бетінде тыртығы бар. Із-түссіз жоғалған жасөспірімнің ата-анасы баланы көрген-білген адамдардан 8 705 550 84 25 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.
Қазіргі уақытта баланы туғандары, елордалық еріктілер мен полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр. Астана қаласының полиция департаменті 13 жастағы жеткіншектің жоғалып кеткенін растады. Полицейлердің хабарлауынша, Өмірхан Бақдәулеттің қазір қай жерде екендігін анықтауға бағытталған іздеу-тексеру шаралары қолға алынды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!