Американың 16 штаты Трампқа қарсы шықты
Америкалық 16 штат АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне қарсы шағымданды.
12:45 19.02.2019
Жергілік билік, Калифорния мен Нью-Йорк штаттарының басшыларын қоса алғанда елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты президентке қарсы шықты. Трамп мұны Мексикамен шекараға қамал тұрғызуға конгрестен 8000 миллиард доллар алу үшін жасап отыр.
Штат өкілдерінің айтуынша, мемлекет басшысы бюджет қаржысын парламентті «айналып өтіп» жұмсауға уәкілеттігі жоқ. Олар Сан-Францисконың аумақтық сотына шағымданды.
Дереккөз: baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!