{metadescription}
Бірден 7 баланы босанған келіншектің нәрестелері шетінеп кетті

Бірден 7 баланы босанған келіншектің нәрестелері шетінеп кетті

Ирак телеарнасына жеті баланың барлығы шетінегені туралы медициналық мекемелердегі дереккөз айтты.

Бағдаттың солтүстік-шығысындағы Дияла провинциясында өмірге бірден алты қыз және бір ұл бала келді. 25 жастағы жас ана табиғи жолмен босанған. Әйел мен баланың жағдайы жақсы екені хабарланған болатын.   

Жеті баланың барлығы шетінегені туралы провинцияның медицина мекемелеріндегі дереккөз айтты. Жаңа туған сәбилер неден өлгені әзірге хабарланбай отыр, деп жазады sputniknews.kz. Сонымен қатар, жас ананың бұл төртінші жүктілігі екені анықталды – күйеуі екеуі бұған дейін туған үш баланы тәрбиелеп жатыр. 

Еске салсақ, Иракта 25 жастағы Дияла тұрғыны бір күнде 6 қыз, 1 ұлдың анасы атанған еді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.