Мексиканың солтүстігінде жарты күнде он бір адам өлтірілген
Монтеррей қаласының және оның төңірегіндегі түрлі аудандарда зорлық-зомбылық толқыны байқалды.
11:42 20.02.2019
Мексиканың солтүстігіндегі Монтеррей қаласында 12 сағатта кем дегенде 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Excelsior порталы. Зорлық-зомбылықтың белгілері қала мен оның айналасында болды. Мигель Алеман атты тас жолында бірден төрт адам атылған. Басқа жағдайларда, полиция қызметкерлері үш, екі немесе бір адамның мәйітін тапқан.
Мексиканың солтүстігінде жарты күнде он бір адам өлтірілген. Монтеррей қаласы орналасқан Нуэво-Леон штаты есірткі мафиясының салдарынан қауіпті саналады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!