{metadescription}
«Қарағанды-Теміртау» тасжолындағы жол апатынан бір кісі қаза тапты

«Қарағанды-Теміртау» тасжолындағы жол апатынан бір кісі қаза тапты

«Қарағанды-Теміртау» тасжолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, деп мәлімдейді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

20 ақпан күні «Қарағанды-Теміртау» тасжолында Қарағанды қаласынан 5 шақырым қашықтықта 36-жастағы «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша жолдың тайғақтығынан көліктің басқаруына ие бола алмай жолдың қарсы бетіне шығып, 39 –жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Лексус» автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Мерседес» автокөлігінің жолаушысы оқиға орынында қаза болып, көліктің жүргізушісі әртүрлі денежарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде", делінген облыстық ПД таратқан ақпаратта.

Дереккөз: BAQ.KZ

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.